Ақтауда танымал фотограф із-түзсіз жоғалып кеткен

Ақтауда танымал фотограф із-түзсіз жоғалып кеткен
Фото: lada.kz

Жоғалып кеткен Бауыржан Асылбаевты Lider.kz қозғалысының еріктілері іздеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Еріктілердің айтуынша, Бауыржан Асылбаев 22 қыркүйекте кешке 8-шағынаудандағы №7 үйдің маңында болған. Ол сөмке асынған.

Бауыржан Асылбаевтың бойы - 165-170 сантиметр. Үстінде сұр түсті спорттық күрте, джинсы шалбар, аяғында кроссовка.

"Хабар-ошарсыз кеткен адам туралы мәлімет білетіндерден 8 (700) 499-72-92 телефоны арқылы хабарласуын сұраймыз", - делінген хабарламада.

Бауыржан Асылбаев Ақтауда кәсіби фотограф болып жұмыс істейді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек