Astana Open жеребесі тартылды: қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

Astana Open жеребесі тартылды: қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды
Фото: Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі

Астанада 26 қазан – 3 қазан аралығында өтетін Astana Open ATP 250 турнирінің жеребесі тартылып, қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жарысты екінші айналымнан бастайды.

Бублик мажарстандық Мартон Фучович немесе аустриялық Себастьян Офнердің біреуімен кездеседі.

Михаил Кукушкиннің алғашқы қарсыласы – португалиялық Нуну Боргеш.

Доданың бірінші ракеткасы болып тіркелген нидерландылық Таллон Грикспур бірден екінші айналым матчын өткізеді. Доданың екінші ракеткасы – аргентиналық Себастьян Баэс. Сондай-ақ таңдаулылар қатарында чехиялық Иржи Лехечка (4), америкалық Себастьян Корда (5), франциялық Адриан Маннарино (6), сербиялық Ласло Джере (7), швейцариялық Стэн Вавринка (8) және басқалар бар.

"Былтырғы Астанада АТР 500 турнирінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны туралы теннисшілерден көп естідім. Мұнда бәрі ұнайды. Өзімнің үздік өнерімді көрсету үшін барымды саламын", - деді Иржи Лехечка.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан