Семейдегі төрт жасар баланың өлімі: күтушінің күйеуі мәйітті жол бойындағы дәретханға лақтырған

Семейдегі төрт жасар баланың өлімі: күтушінің күйеуі мәйітті жол бойындағы дәретханға лақтырған
Фото: Tengrinews.kz

Семейде күтушінің күйеуі төрт жасар баланың мәйітін жолдың бойындағы дәретханға лақтырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы "НеМолчиKZ" қоры әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Қордың хабарына қарағанда, оқиға қыркүйектің басында болған.

Анасы баланы күтушіге қалдырып кеткен. Қайтып келгенде күтуші баланың танысының үйінде екенін айтты. Кейінірек баланың қайтыс болғаны анықталды.

Күтушінің айтуынша, бала ұстамасынан қайтыс болған. Ал күйеуі ізін жасыру үшін сәбидің мәйітін спорттық сөмкеге салып, тасжолдың бойындағы әжетханаға лақтырып жіберген.

Қазір бұл іс бойынша тергеу болып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан