Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты тағы бір көше жабылады

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты тағы бір көше жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қалалық мобилділік басқармасының хабарлауынша, 25 қыркүйек сағат 23:00-ден 1 қазан сағат 06:00-ге дейін жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Керей-Жәнібек хандар көшесінің бойымен Тәттімбет көшесінен №378 үйге дейінгі жол ішінара жабылады.

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара", - деп хабарлады ведомство.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!