Қазақстандық теннисшілер Азия ойындарын сәтті бастады

Қазақстандық теннисшілер Азия ойындарын сәтті бастады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисшілер Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарын сәтті бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бейбіт Жұқаев бастапқы кездесуін тәжікстандық Фируз Мухидиновпен өткізді.

Есеп 0:3 болған кезде тәжікстандық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Денис Евсеев Шығыс Тимор өкілі Агапито Феррейраны ойсырата ұтты – 6:0, 6:0.

Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев жұптық сында 23 минутта тәжікстандықтар Бахтиер Исроилов – Собир Саидовқа еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0, 6:0.

Григорий Ломакин мен Дмитрий Попко қатарлықтар Исса Шанан Альхарраси – Рашед Наифты тізе бүктірді – 7:6, 6:2.

Гөзал Айнитдинова ғана индонезиялық Джанис Тьенге есе жіберді – 1:6, 2:6.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан