"Мұнда тұруға болмайды". Мэлс Елеусізов Алматыда 12 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін екенін айтты

Танымал саясаткер, эколог Мэлс Елеусізов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Алматының экологиялық ахуалы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Экологтың сөзінше, қалада 1912 жылы үлкен апат болған. 

"Оны бекер айтып жүрген жоқпын. Баяғыдан белгілі зат. 1912 жылы үлкен сілкініс болды. Ол кезде бір ғана орыстардың шіркеуі қалған. Өте керемет салынған, қираған жоқ. Алматының бәрі қирап қалды. Қазір сондай болса, страшно болады. Қазір 100 жыл өтті. 100 жылдан әрбір жылда сондай болады. Тарихта оның бәрі жазулы ғой, бәрі бар ғой. 3 миллионға кетті ғой (халық саны - еск.), тіркелмеген адам да көп. Өте нашар болады (адамдардың тірі қалу мүмкіндігі - еск.). Үйден шыға алмай қалады. Совет одағында 5 этажға ғана рұқсат (еді - еск). Біз бесіншіміз 12 балға баратын (елдер арасында - еск.). Ақырын-ақырын халық ауылға бару керек қайтадан. ...Мұнда тұруға болмайды", - дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін 6 тамызда Алматы уақытымен 20:29-да (Гринвич бойынша 14:29-да) жер сілкінісі тіркелгені хабарланған еді. 

Тағы да оқи отырыңыздар: "Верден қырғыны" атанып кеткен шайқас қай жылы болды?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз