Қазақстандықтар коронавирустың дельта-штамын жаппай жұқтырып жатқаны рас па?

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар COVID-19 тудыратын SARS-CoV-2 коронавирусының дельта-штамын жаппай жұқтыра бастағаны туралы ақпарат таратылып жатыр. Бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Қазақстанда дельта штаммының таралуы туралы ақпарат - фейк.

"Бүгінгі күні республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Вирустарды генетикалық зерттеуге мониторинг жүргізіліп жатыр. Кейінгі секвенирлеу қорытындысы бойынша республикада штамдардың жаңа нұсқасы анықталған жоқ. Дельта штамы 2021 жылы таралды, кейін ол аурудың ауыр түрлерін тудырды. Қазір Қазақстанда ауру негізінен жеңіл түрде өтеді. Пациенттер негізінен амбулаториялық жағдайда ем қабылдайды. Инфекциялық төсек-орындардың 3 пайызға қамтылған", - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Қай жеміс ең пайдалы?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз