Ақтау тұрғыны сатып алған бір қап ұнның ішінен құрт шыққан

Ақтау тұрғыны сатып алған бір қап ұнның ішінен құрт шыққан
Фото: Lada.kz/жергілікті тұрғын ұсынған сурет

Ақтау тұрғыны сатып алған бір қап ұнның ішінен құрт шыққанын айтады. Ол дәлел ретінде жағдайды видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғынның сөзінше, жақында ол 11а шағынауданында орналасқан "Жігер" сауда орталығынан екі келілік "Бейнеу" бірінші сұрыпты бидай ұнын сатып алған.

Ал қапты ашқын кезде ішінен құрттар шыққан. Алайда өнімнің шыққан күні жақын арада екені көрсетілген.

Келесі күні ол күйеуімен бірге супермаркетке барып, жағдайды түсіндіріп, түсірілген видеоны көрсетіпті.

"Администратор ұнды жаңасына ауыстыруды ұсынды. Олар тіпті жәндіктер бар-жоғын білу үшін оны ашты", - дейді қала тұрғыны.

Әйелдің сөзінше, бұл алғашқы жағдай емес. Бұған дейін де мұндай жағдайлар оның таныстарында болған.

Алайда өндіруші тараптан немесе дүкен әкімшілігінен ешқандай ресми ақпарат берілмеген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова