Астанада мектеп баспалдағынан құлаған оқушының жағдайы белгілі болды

Елорданың білім басқармасы өкілдері бір күн бұрын баспалдақтан құлап кеткен оқушының жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Білім басқармасының өкілдері мәліметінше, Астанадағы №14 мектеп-гимназиясының оқушысы екінші қабатқа көтеріліп жатқанда баспалдақтан құлап кеткен.

"Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылды. Бала қалалық балалар ауруханасында жатыр. Есін жиды, жағдайы тұрақты. Ол комаға түскен жоқ", - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Білім саласының қызметкерлерінің айтуынша, мектеп баспалдақтарынада қоршау бар. Қазір департамент өкілдері мектеп директорына қатысты шара қолдануды қарастырып жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде баспалдақтан құлаған баланың үш күн бойы комада жатқаны туралы ақпарат пайда болған еді. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Жердің неше түрлі қозғалысы бар?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!