Асан Жүсіпов жаңа қызметке тағайындалды

Асан Жүсіпов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Бұл қызметте бұған дейін Талғат Қойбақов болған. Ол Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!