Оралда тұрғындар тасжол салынуын дастархан жайып тойлаған

Оралда тұрғындар тасжол салынуын дастархан жайып тойлаған. Видео жергілікті парақшалардың бірінде жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, 24 қыркүйекте Деркөл ауылдық округінің Өскен кентінде Райымбек батыр атындағы көше тұрғындары үйлерінің маңына асфальт төскелгенін атап өту үшін дастархан жайған.

Бұл жол Маштаков көшесіндегі Ветелка бұрылысынан Райымбек батыр, Өскен ауылы, Дерқұл кенті, Орал қаласы, БҚО-ға дейінгі автомобиль жолдарын реконструкциялау жобасына кіретіні айтылды.

Видеода көше тұрғындары жол жасағандарға алғысын жеткізеді.

"Райымбек батыр көшесі тұрғындарының атынан сіздерге көп рақмет! Жолдарыңыз болсын, қолдарыңыз дерт көрмесін!" - дейді олар.

Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір жазған:

Үлкен қуаныш жалғасын таба берсін, Бөкей Ордасына асфальт салынса, ұланғасыр той болып, ат шаптырады.

Ауызбіршілігі жарасқан, нағыз қазақи көршілер жиналған екен.

Өскен ауылы жасасын!

Бақытты болуға көп ештеңе керек емес!

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!