Лауазымды тұлғалар қатысты болуы мүмкін: ІІМ "Ертіс орманындағы" былықтарды жария етті

Фото: видео кадры

Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Ертіс орманы" ерекше қорғалатын аумағынан орманды заңсыз кесу және ұрлау фактілерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мысалы 18 қыркүйекте облыстық прокуратураның үйлестіруімен "Ертіс орманы" резерваты бойынша ауқымды операция жүргізілді.

Полиция қызметкерлері "Ертіс орманы" РММ-де, Шалдай және Бесқарағай орманшылығында, сондай-ақ бірқатар басшылардың тұрғылықты жері бойынша 20-ға жуық санкцияланған тінту іс-шараларын жүргізді.

Тінту кезінде құжаттамадан басқа атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болжам бойынша, орманды заңсыз кесуге "Ертіс орманы" РММ-нің лауазымды тұлғалары қатысты болуы мүмкін. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина