25 қыркүйекте бірнеше өңірде тұман түсіп, үсік болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 25 қыркүйекте елдің бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкентте күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 

Ақмола облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік болады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында 3 градус үсік.

Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с болады. 25-27 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік сақталады. 25 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!