Президент резиденциясы енді балаларға арналған лагерьге айналады

Атырауда Президент резиденциясы енді балалар игілігіне беріліп, оқу-тынығу лагеріне айналады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Мұнда келер жылдың басында 300 орындық асхана мен 300 оқушыға арналған жатақхана салынады.

Бұл үшін бюджеттен 96 миллион теңге қарастырылған.

"Таланттарды қолдау және анықтау" орталығына берілген нысанда қазір ағаштарды күтіп-баптау, шөптен тазарту секілді жұмыстар жүріп жатыр. Пайдалануға берілгеннен кейін 36 жұмыс орны ашылады.

"Оқу-тынығу лагері - балалар үшін ашылғалы отырған, бүгінде облыс үшін өте қажетті орталық. Оқу-тынығу лагерінде балалардың жан-жақты дайындалуына, олимпиадаларға, ғылыми жобаларға мүмкіндік болады, одан басқа өздерінің каникул уақыттарында біз балаларды дайындауымыз керек болады. Каникул уақыттарында әрі тыныға отырып, әрі білімдерін жетілдіру мақсатында осы оқу-тынығу лагері пайдаланылады", - деді білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!