40 жастан асқандарға мына дәрумендер зиянын тигізуі мүмкін

40 жастан асқандарға мына дәрумендер зиянын тигізуі мүмкін
Фото: pixabay.com

Дәрігер 40 жастан асқан адамдар үшін ең қауіпті дәрумендер мен диеталық қоспаларды атады. Сондай-ақ маманның рұқсатынсыз оларды не үшін ішуге болмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.

Гинеколог Екатерина Волкова doctorpiter порталына берген сұхбатында біздің жүйеде ішкі ағзалардың, микробиотаның, метаболизмнің, генетиканың жұмыс процестерінің өзара байланысы қоспалардың ассимиляциясының сапасын анықтайтынын түсіндірді. Сондықтан ағзаңыздағы өзгерістерді білмей жатып, оларды ішуге болмайды. Дәрігердің бақылауынсыз қолдану денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін дәрумендерді айтты.

С Дәрумені

"Көбісі оны вирустан қорғаныс ретінде қабылдайды. Бірақ С дәрумені ағзада сақталған зиянсыз темірді жұмылдырып, оны қан тамырларына зақым келтіретін темірге айналдыратынын есте ұстаған жөн. Әсіресе созылмалы қабыну болса, бұл процестің өршуіне алып келеді. Ал дұрыс дозада С дәрумені бос радикалдарды бейтараптандырады, жасушаларды қорғайды" 

Омега-3

"Мен бұл қышқылды көптеген жылдар бойы қабылдағанын жиі естимін. Бірақ оның да жанама әсерлері бар. Ең қауіпті асқыну - қан ұюының төмендеуі. Қанды сұйылтатын дәрілермен бірге қолдану қан қоюлануының әсерін күшейтеді".

Темір

"Адамдары көбінесе үлкен дозада қабылдайды. Бірақ алдымен ағзаның темірді неге сіңірмейтінін түсіну керек. Сіз бұл себепті елемеуге құқығыңыз жоқ. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: сіздің денеңіз сізді неден қорғайды? Қабынудан, паразитоздан ба? Сондықтан тіпті ең "зиянсыз" қоспалар белгілі бір адамның физиологиясын талдағаннан кейін, осы тапшылықтардың себептерін нақты түсінгеннен кейін ғана тағайындалуы керек".

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов