Дәрігер кофені қай кезде ішу дұрыс екенін айтты

Дәрігер кофені қай кезде ішу дұрыс екенін айтты
Фото: elements.envato.com

Ұлыбританиялық дәрігерлер кофені белгілі бір уақытта ғана ішіп, пластикалық ыдыстардан бас тартқан жөн екенін айтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап. 

Кейде адам белгілі бір әрекеттерді бейсаналы түрде жасайды. Сондай танымал әдеттердің бірі - кофе ішу. Көп адам күнін кофесіз елестете де алмайды.

Дегенмен кофе ішуде бір ереже бар: белгілі бір сағаттарда ішу қажет. Дәрігер Пунам Десайдың айтуынша, кофені күндізгі сағат 12-ге дейін ішу керек.

Адам түстен кейін, әсіресе, кешке кофе ішуге дағдыланса, бұл ұйқының сапасына қатты әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, таңертең шаршап тұруға бір себеп кофе болады. Бұл жағдайда ұйқының жетіспеушілігінен денсаулыққа байланысты проблемалар да туындауы мүмкін:

  • жүрек аурулары;
  • бүйрек проблемалары;
  • қант диабеті;
  • инсульт;
  • семіздік;
  • күйзеліс.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова