Алматы облысында 7 жасар бала құдыққа құлап, мүгедек болып қалған

Алматы облысында 7 жасар бала құдыққа құлап, мүгедек болып қалған
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысында 7 жасар бала құдыққа құлап, мүгедек болып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Алайда бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалмаған. Заңгер Камиша Есмұхамбетқызы мәселеге қатысты жауап берді. 

"Бұл жерде полиция өкілдері кінәлі деп есептеймін, себебі дер кезінде мәлімет берілген болса, оқиға орнына барған болса, яғни жасөспірімнің жапа шеккенін көрген болса, іс дер кезінде қозғалып, кінәлілерді анықтап, заңсыздығы мен заңдылығы және баланың жарақатының қандай дәрежеде екендігін анықтау - полиция өкілдерінің міндеті", - дейді ол.

Заңгер бұл істі қозғаманы үшін полицейлер жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтады.

"Әрине, полиция өкілдерін жауапкершілікке тартуға болады. Ол үшін прокуратураға шағым жазу керек, яғни полициялардың әрекетіне және әрекетсіздігіне қатысты. Жасөспірімнің зардап шеккені үшін кінәлілерді анықтау мақсатында қылмыстық іс қозғалуы керек. ҚР Қылмыстық кодексінің 254-бабы –  міндетін адал атқармау. Бұл жерде орындау керек міндеттемелер бар, қауіпсіздік мәселелері бар. Солардың барлығы тиісті деңгейде қадағалануға тиіс еді. Жауапкершілік сол компанияда болған соң олар жауапты түрде баланың тағдырына жауап беруі керек", - дейді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова