Urker ұлттық сыйлығының биылғы жеңімпаздары анықталды

Urker ұлттық сыйлығының биылғы жеңімпаздары анықталды
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

Astana Media Week - 2023 аясында баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы Urker 2023 ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Urker-2023 ұлттық сыйлығының жеңімпаздары:

Жылдың үздік сұхбаты:
Лэйла Тастанова - Time.kz

Жылдың үздік репортажы:
Рабиға Дүсенғұлова - Tengrinews.kz

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал:
Амангүл Тілейқызы - El.kz

Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация):
Анна Величко - Golos-naroda.kz

Жылдың үздік аналитикалық материалы:
Меруерт Сарсенова - Kapital.kz

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
Nege.kz

Радиостанциядағы үздік жоба:
Orda FM - Zhas STAR бағдарламасы

Жылдың үздік фотосуреті:
Валерий Бугаев

Үздік өңірлік БАҚ:
"Сыр бойы" газеті (Қызылорда облысы)

Үздік халықаралық БАҚ (баспа радио интернет-журналистика саласындағы):
"Қазақ елі" журналы (Түркия)

Үздік подкаст:
OY-DETOX - Әйнел Әмірхан

Үздік YouTube-канал:
Абай Сейфоллаұлы - Abay Live

"Қазақ" газетінің 110 жылдығына орай арнайы жүлде:
"Ана тілі" газеті

Әр номинацияның үздік өкіліне естелік мүсінше және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сый табысталды.

Айта кетейік, Urker сыйлығы баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан