"Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медалі алып тасталуы мүмкін

 "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медалі алып тасталуы мүмкін
Фото: gov.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған "Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жарлық жобасында "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медалінің күші жойылатыны көрсетілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президентке тiкелей бағынатын және есеп беретiн кейбiр мемлекеттiк органдардың, Конституциялық Соттың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестiрiлген наградалары тiзбесiнде "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медалiн "Абыройлы қызметі үшін" деген жазумен ауыстыруды ұсынып отыр.

Жарлық жобасын қоғамдық талқылау 5 қазанға дейін жалғасады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек