Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты
Фото: mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 22 қыркүйекте сағат 12:00 шамасында Спартак ауылы маңындағы Орал - Кирсанов тасжолында болды. ВАЗ-21012 мен Lada Granta көліктері соқтығысып қалған.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға салдарынан екі жүргізуші, екі жолаушы қаза тапқан. Тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.

БҚО ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, қаза тапқандардың денесін құтқарушылар арнайы құралдар көмегімен алып шыққан.

Оқиғаның мән-жайы мен себептерін құқық қорғау органдары анықтайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова