Түркістан облысында 6,6 миллион теңге қарызы бар жүргізуші анықталды

Түркістан облысында 6,6 миллион теңге қарызы бар жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев брифинг кезінде мәлімдеді. Өңірде төленбеген айыппұлдары бар Volkswagen Passat көлігі бар жүргізуші анықталған.

Тәртіп сақшылары көлік жүрген жерді анықтап, Шымкент-Самара тасжолында тоқтатқан. Тексеріс кезінде бұл көліктің сот орындаушысының қаулысына сәйкес жалпы сомасы 6,6 миллион теңге төленбеген айыппұлдар бойынша берешегі бары анықталды. Яғни жүргізушіге салынған айыппұлдың 80 пайызы жылдамдықты асырғаны үшін болған. 

Тәртіп сақшылары Volkswagen Passat көлігін айыптұраққа қойған.

"Түркістан облысының полицейлері көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және салынған әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеуге шақырады", - деді Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!