"Улы сұйықтық ішкен". Шымкенттегі ауруханада ер адам дәрігерлермен төбелескен

Фото: Видео кадры

Шымкенттегі ауруханалардың бірінде төбелес шыққан. Бүлік шығарған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Видео Instagram-пабликтерде пайда болды.

Кадрларға қарағанда, оқиға жансақтау бөлімінде болған. Науқас пен бірнеше жедел жәрдем дәрігерлері арасында жажал болған. Сондай-ақ, ауруханада науқастың туыстары болғаны айтылған.

Instagram-пабликтердегі мәлімет бойынша, оқиға салдарынан медбике мен дәрігер соққыға жығылған.

Оқиғаның мән-жайы кейін белгілі болды.

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, оқиға 20 қыркүйекте болған. Сағат 19:50-де 1995 жылы туған ер адам жедел жәрдеммен Гипербариялық оттегі орталығына жеткізілген.

"Туыстарының айтуынша, науқас улы сұйықтық ішкен. Дәрігерлер оны тексерді, психикалық қозу жағдайына байланысты тыныштандыру шараларын жүргізу үшін жансақтау бөліміне жатқызылды. Алайда науқас медициналық көмекке қарсылық танытып, медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолданған", - делінген Шымкент Денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.

Полицейлер қалалық ауруханалардың бірінің палатасында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Жанжал науқас пен бірнеше жедел жәрдем дәрігерлері арасында болған. Бір күн бұрын Желіде оқиғаның видеосы пайда болып, аурухана медбикесі мен дәрігерінің соққыға жығылғаны хабарланды.

"20 қыркүйекте Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық ПД "102" пультіне қалалық емдеу мекемелерінің бірінің қызметкерлерінен қоңырау түсті. Оқиға орнына жеткен полицейлер мекемеге жедел жәрдем қызметімен келген науқас алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде фельдшерлерге шабуыл жасағанын анықтады. Құқық бұзушы ұсталды. Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заң аясында шаралар қабылданады", - деп атап өтті басылым.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек