Алматы облысында 10-сынып оқушысы 6 баланы көлікпен қағып кеткен

Алматы облысында 10-сынып оқушысы 6 баланы көлікпен қағып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, 15 жастағы жасөспірім Subaru көлігімен келе жатып, оны тізгіндей алмай, жаяу жүргіншілер жолағына шығып кеткен.

Оқиға салдарынан өзімен қатарлас кәмелетке толмаған 6 бала зардап шеккен. Бес жасөспірім ауруханада жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!