Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 23-25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері батыста, оңтүстікте, Ақтөбе облысында және Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Кезеңнің басында солтүстік өңірлерде, Қарағанды облысында жаңбыр жауады, содан кейін жауын-шашын тоқтайды деп күтіледі. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Түнде таулы аймақтарда жаңбыр қарға ауысуы мүмкін.

"Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда 2 градусқа дейін аяз болады. Күндіз Қазақстанның батысында 25-30 градусқа дейін күн жылиды, солтүстік, оңтүстік өңірлерде және елдің орталығында 18-23 градусқа дейін ауа температурасы көтеріледі деп болжанады, республиканың шығысында температура 7-13 градусқа төмендейді", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!