20-қабаттан құлайын деп тұрған кішкентай баланы 25 жастағы жігіт құтқарып қалған 

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде тұрғындар 20-қабаттан құлайын деп тұрған кішкентай баланы Нарұл Батырұлы құтқарып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Batyr bloger Instagram парақшасында айтты.  

Оқиға Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Тұрғындар 20-қабаттан құлайын деп тұрған кішкентай баланы көріп, дереу құтқарушыларды шақырған. 9 жастағы қыз баланың өміріне қауіп төніп тұрды. Дәл осы сәтте 25 жасар Нарұл Батырұлы 20-қабатқа көтеріліп, баланы құтқарып қалған.

Күзетші дереу 20 қабатқа көтеріліп, қыз құлағалы тұрған пәтерге кірген. Содан кейін баланы карнизден көтеріп, терезеден кіргізіп алған. Шүкір, баланы аман алып қалды. Шамамен 10 жастағы қыз екен. Үйде сол кезде әжесі де болған екен.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы, ол ата-анасының қасында.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз