Тоқаев жаңадан тағайындалған арнаулы өкіліне бірқатар міндет жүктеді

Тоқаев жаңадан тағайындалған арнаулы өкіліне бірқатар міндет жүктеді
Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың хабарлауынша, кездесу барысында Мемлекет басшысы Арнаулы өкілге алдағы шараларға, атап айтқанда биыл қараша айына жоспарланған Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ негiзгi Конвенциясына қатысушы тараптардың 28-конференциясына және 2026 жылы БҰҰ аясында өтетін Аймақтық климаттық саммитке дайындық жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді. 

Сондай-ақ Президент шетелдік серіктестермен арадағы ықпалдастықты, соның ішінде экономиканы декарбонизациялау және ауаға таралатын метан мөлшерін азайту бағыттары бойынша ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтті.

Еске салайық, бүгін, 21 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен бұрынғы Экология министрі Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды.
 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан