Атырауда екі қайық соқтығысып, бір адам қаза тапты

Атырауда екі қайық соқтығысып, бір адам қаза тапты
Фото: Атырау облысы ПД

Атырауда екі қайық соқтығысып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mgorod.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Жайық өзенінде екі моторлы қайық соқтығысқан. Оқиға 20 қыркүйекте сағат 7:00 шамасында Атырау қаласындағы Дамбы ауылының сол жағалауында болған.

Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі 1974 жылы туған ер адам сол жерде қаза тапқанын мәлімдеді. 1973 жылы туған тағы бір зардап шеккен адам ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Екеуінде де су көлігін жүргізуге рұқсат болған. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова