Түркістан облысында сиырдың кесірінен төрт көлік тас-талқан болды

Түркістан облысында сиырдың жолға шығып кетуінен жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы Сауран ауданындағы Шымкент – Самара тас жолында 19 қыркүйек күні сағат 21:30 шамасында жол-көлік оқиғасы орын алды.

Оқиға орнына тез арада Сауран аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері шықты. Тексеру кезінде Toyota Estima 7 орындық автокөлік жолға шығып кеткен сиырмен соқтығысқаны анықталды.

Осыдан кейін көмек көрсету үшін оның жанына Audi автокөлігі тоқтаған. Осы сәтте олардың соңынан келе жатқан Нуundaі Santa fe және Xonda Elysion көліктері соқтығысады. Адам шығыны жоқ, тек автокөліктерге материалдық шығын келген.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota  Estima жүргізушісі мен жолаушыларға жергілікті жерде медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Қазіргі уақытта жауапкершілікке тарту үшін мал иесін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!