"Асабаларға қауіп төніп тұр". Алматыда жасанды интеллект некелесу рәсімін өткізді

Алматыда ерлі-зайыпты Айбол Қабылбаев пен Алина Курбанова ерекше той жасады. Олардың некелесу рәсімін жасанды интеллект өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ерлі-зайыпты үйлену тойдан қызық сәттерді Instagram-парақшасында бөлісті. Олардың айтуынша, бұл - жасанды интеллект өткізген әлемдегі алғашқы неке қию рәсімі.

"Біз маркетологтар ретінде тойымызға ерекше нәрсе ойлап тапқымыз келді, нейрожелі мүмкіндіктерін қолданбанып көрмеу біз үшін әбестік болар еді. Сондықтан әлемде алғаш рет (біз тексердік) неке қию рәсімін жасанды интеллект өткізді. Үздік коллаборация - қазақтың тойы мен жасанды интеллект", - деп жазды олар.

Желі қолданушылары креативке толы жұпқа таңданып, трлі пікір қалдырған.

"Құттық болсын, сондай керемет", "Жаңаша екен, мықты шықты", "Күтпеген жағдай, асабаларға қауіп төніп тұр","Фантастика", "Керемет жасадыңдар", - деп жазған олар.  

Тағы да оқи отырыңыз: Телефон қуатталмай қалса, не істеу керек?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!