Қазақстан елшісі Әзербайжанның аумақтық тұтастығын толық қолдайтынын мәлімдеді

Қазақстан Әзербайжанның аумақтық тұтастығына толық қолдайды. Бұл туралы Қазақстанның Әзерайжандағы елшісі Әлім Байел мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елші Әзербайжан тарапының Қарабақтағы армян халқының өкілдерімен кездесу өткізуге бағытталған бастамасын құптайтынын хабарлады. 

"Қалыптасқан жағдай Әзербайжан Республикасының халықаралық деңгейде мойындалған шекаралары шеңберінде бейбіт диалог арқылы жуық арада реттеледі деп үміт білдіреміз. Оңтүстік Кавказда бейбітшілік және өзара тиімді ынтымақтастық атмосферасының орнауы, барлық коммуникациялардың ашылуы өңірдегі барлық елдің мүддесіне сай келеді деген пікірдеміз", - деді елші.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз