Атырау облысында жоғалған бала кәріз құдығынан табылды

Атырау облысының полицейлері жоғалған баланы кәріз құдығынан тауып, құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 қыркүйекте сағат 17:48 шамасында полицияға Аққыстау ауылының 1993 жылғы тұрғыны хабарласып, 20 минут бұрын үйінен 5 жастағы ұлы жоғалып кеткенін хабарлаған.

Жедел іздестіру жұмыстары дереу басталған. Полицейлер баланың дыбысын тұрғын үй ауласындағы кәріз шұңқырынан байқап, шығарып алуға тырысқан. Балаға төнген қауіп пен уақыт тығыз екенін түсінген ол өзге әріптестерін де көмекке шақырыпты.

"Кәріз құдығының қақпағы тар болғандықтан, бүлдіршіннің денесіне жарақат салмау үшін құтқарып алып шығу үшін 5 минуттай уақыт кетті. Баланың денсаулығы жақсы, дәрігерлер тексерді", - делінген полиция хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!