Ақсайда деструктив діни ағым өкілі әйелді зорлағысы келген

Ақсайда деструктив діни ағым өкілі әйелді зорлағысы келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 9 қыркүйекке қараған түні Ақсай қаласында болған. Сол күні 1991 жылы туған әйел түнделетіп үйіне келе жатып, ер адамды кездестіреді. Ер адам белгілі бір мекен-жайды айтып, оны әңгімеге шақырады. Алайда танысу барысы күш қолдануға дейін жетіп, ер адам әйелді зорламақ болады. Әйел қашып үлгерген.

Ал қылмыскер оқиға орнынан бой тасалайды. Үйіне келген жәбірленуші жедел жәрдем шақырып, полицияға хабарласады. Полиция қызметкерлері Ақсай қаласының 34 жасар тұрғынын ұстады.

"Ұсталған ер адам деструктив діни ағым өкілі екені анықталды. Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!