Ресей Қазақстан мен Балтық елдеріне қауіп төндіріп тұр - Зеленский

Ресей Қазақстан мен Балтық елдеріне қауіп төндіріп тұр - Зеленский
Фото: ООН/С. Пак

Украина президенті Владимир Зеленский сейсенбіде БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында сөз сөйледі. Ол келесі қауіп Қазақстанға төнуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Зеленский Ресей Федерациясының Молдовадағы, Грузиядағы және Сириядағы әрекеттеріне, сондай-ақ, "Ресейдің Қазақстан мен Балтық жағалауы елдеріне қарсы қауіп-қатеріне" назар аударды ұсынды.

"Украинаға қарсы қазіргі соғыстың мақсаты - біздің жерімізді, халқымызды, ресурстарымызды сізге қарсы қаруға келтіру - ережелерге негізделген халықаралық тәртіпке қарсы әрекет ету. Егер Ресей жеңсе, Бас ассамблея залындағы көп орын бос қалуы мүмкін", - деді  Зеленский. 

Сондай-ақ, Украина президентінің айтуынша, "бұрын ешқашан жаппай адам ұрлау мен депортациялау мемлекеттік саясаттың бір бөлігі болған емес", ал қазір Ресей бұл тактиканы қолданып жүр.

"Біз он мыңдаған баланың аты-жөні білеміз және Ресейдің оларды Украинаның оккупацияланған аумақтарынан ұрлап әкеткені, кейін депортацияланғаны туралы дәлелдер де бар. Халықаралық қылмыстық сот осы қылмысы үшін Путинді тұтқындауға ордер берді", - деді Украина президенті.

Оның сөзінше, олар балаларды кері қайтаруға тырысып жатыр. Ресейде балаларды Украинаны жек көруге үгіттейді және олардың отбасымен барлық байланысы үзілген. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек