Нью-Йорк төрінде еліміздің әнұраны шырқалды

Нью-Йорк көшелерінде Қазақстанның мемлекеттік әнұраны орындалды. Видео Президенттің телерадиокешенінің Telegram-арнасында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мегаполистің адам көп жүретін көшелерінің бірінде отандастарымыз әнұранды орындады. Қазақстанның туын желбіретіп, қолын жүрек тұсына қойған патриоттар әнұранымызды акапелла түрінде шырқады. Бұл видео Мемлекет басшысының телерадиокешенінің Telegram-арнасында жарияланды.

Тағы да оқи отырыңыз: Телефон қуатталмай қалса, не істеу керек?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!