Қазақстанның екінші ракеткасы Қытайдағы турнирді сәтті бастады

Қазақстанның екінші ракеткасы Қытайдағы турнирді сәтті бастады
Фото: wtatennis

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Гуанчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Guangzhou Open турниріндегі ойынын бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыстың бірінші кезеңінде WTA рейтингінде 81-орында тұрған Путинцева қытайлық Ю Сяодимен (213-орын) ойнады.

Путинцева 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын 1 сағат 45 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші келесі кезеңде дат спортшысы Клара Таусонмен (№76) ойнайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан