Әзербайжанның Қарабақтағы операциясы: Ереванда үкіметке қарсы митинг өтіп жатыр

Ереванның орталығындағы Армения үкіметі ғимаратының жанында митинг өтіп жатыр. Митингіні жергілікті 24TVArmenia телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алаңда бірнеше жүздеген адам бар. Sputnik Арменияның хабарына қарағанда, адамдар үкіметке қарсы ұрандар айтып жатыр.

"Қазір наразылық акциясына қатысушылар Еревандағы Республика алаңының барлық кіреберісін жауып тұр. Ол жерде көлік қозғалысы тоқтатылды", - деп жазды басылым.

Еске салайық, Әзербайжан Қарабақта лаңкестікке қарсы шаралардың басталғанын хабарлады. Ал Никол Пашинян Әзербайжанмен әскери операцияларды бастауға ниеті жоқ екенін мәлімдеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз