"Бәрін Қоянбаев сатып алған". Қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан әлем чемпионы атанған сәтте ту болмай қалған

Қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан әлем чемпионы атанған сәтте ту таппай қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео TikTok-та пайда болған. Роликте Ризабек қолын көтеріп, жеңіске жеткеннен кейін ту сұрағанын байқауға болады. 

@a61._xx #fypシ #рек #казахстан?? #әлемчемпионаты ♬ оригинальный звук - A61._xx

"Қоянбаев сатып алған ғой бәрін"

"Бір жеңе қояйын десең осылай істейді ғой"

"Ешкім дайын болмаған сияқты чемпион болатынына"

"Аллаға шүкір! Жарайсың бауырым! Құтты болсын қазақ елі! Көк туды біздің жігіттер енді бұйырса олимпиада төрінде желбіретсе!"

"Ту қайда? Басқа елдер ұстап жүгіріп жүр ғой", - дейді желі қолданушылары. 

@alashprideleague

Никто в него не верил, а он взял и завоевал золото ✊?

♬ оригинальный звук - Alash Pride FC

Еске салайық, кеше қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 92 килоға дейінгі салмақта әлем чемпионы атанған еді. Белград боз кілеміндегі финалда отандасымыз әзербайжандық спортшы Осман Нұрмогамедовті жеңді. 

Финалдық белдесу тартысты басталды. Алғаш болып әзербайжандық балуан ұпай алды. Екі ұпаймен алға шыққан қарсыласынан Ризабек белдесу аяқталар тұста айласын асыра білді.

Ризабек тәуелсіз Қазақстан тарихында еркін күрестен әлем чемпионы атанған алғашқы қазақ балуаны. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина