Ақтөбе облысында жол жөндеуші жұмысшылар жол апатынан қаза тапты

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 қыркүйекте сағат 23:30 шамасында Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Елек ауылының маңында Ақтөбе-Астрахань тасжолының жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жабық учаскесінде жол апаты болды.

39 жастағы Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдың жабық учаскесіне шығып, сол жерде тұрған асфальт катогімен соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші мен оның үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды.

"Қаза тапқандардың барлығы - осы учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымның қызметкерлері", - делінген полиция мәліметінде.

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!