"Айырып кетемін". Ринат Зайытов даулы мәлімдемесінен кейін өзін қалай қорқытып жатқанын айтты

"Айырып кетемін". Ринат Зайытов даулы мәлімдемесінен кейін өзін қалай қорқытып жатқанын айтты
Фото: видеодан алынған кадр

Айтыскер ақын, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов "Алаяқтардың 80 пайызы - намаз оқитындар" деген сөзіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жұртқа түсіндіріп өтетін несі бар оның? Менің көзбен көргенім. Иә, ресми статискасы керек, анау-мынау дейді. Ресми статистиканы да сұратуға болады. Қиын емес. Қазір тергеу жүргізген органдарда характеристикасы, мінездемесі болады ғой әрбір адамның. Бұл - бар факт. Қаржылық пирамидалар, қажылыққа апарамыз деп лақтырғандар, тағы да ақша табысыңды көбейтемін деп айтатын адамдар, түрлі эфир жүргізетіндер - таза алаяқтық. Мұндай адамдар бар, жоқ емес. Бірақ ең үлкен мәселе менің айтқан әңгімемде емес, мәселе бұл тақырып неге солай тарады дегенде. Мен бағана өзім пост жазғанда айттым, мойындадым", - деді ол Abay Live
YouTube-каналына берген сұхбатында.

Ринат Зайытовтың сөзінше, қазір мемлекетте осы дін тақырыбын, басқасын пайдаланып, бүлік жасағысы келіп отырған топтар бар.

"Мен мұны анық айта аламын. Өйткені оларға неғұрлым осы шу керек. Осы уақытқа дейін олар дайындады, түрлі-түрлі діни ағымдарды кіргізіп, өзі дінді қырыққа бөліп, мына жаққа, ана жаққа, сан-саққа. Ананың мәзhабы, ананың ахидасы, ананың тағы бірдеңесі. Барлық назар діннің айналасына ауатындай жағдай жасады да, бірінші хиджаб мәселесінен бастады. Жылда бір көтеріліп басылатын еді, биыл неге басылмай жатыр? Неге бұл үкіметтен шешімін таппай жатыр? Өйткені бұл әңгіме керек болып тұр қазіргі таңда. Сосын жаңағы әңгімені алды да, әдейі анализ жасады. "Оо, Ринаттың, 85 мыңның айналысында қазір аудитория көп. Бәленбей миллион қаралымы бар. Демек қазір Ринат аузын ашса, бүкіл халық соған назар аударады" деді. Олар оны зерттеді, есептеді. Сосын "Намазхандардың 80 пайызы - алаяқ" деп өзгертті де, ортаға тастай салды. Шын мәнінде, бұл - бар факт, өкінішке қарай. Менің меңзеп отырғаным - сол, олар "домбыра харам", "басқа харам" дегенше, шама келсе, дінге жаны ашитын адамдар діннің атын жамылып, Исламның атына кір келтіріп жүрген топтарды түзеп алуы керек", - деді депутат. 

Ол сонымен бірге осы сөзінен кейін бірнеше адамның хабарласып, қорқытқанын айтты.

"Кеше маған түні бойы звондады. Неше түрлі адам, төртеуімен сөйлестім де, қоя қойшы дедім, миым ашып кетті. "Сен біздің алдымызда жауап бересің" дейді. "Біз сені білеміз, тауып аламыз, үйтеміз-бүйтеміз, сенің ана артыңда тұрған "братваларыңмен" сөйлесеміз дейді. Менің артымда қайдағы братва? Демек оларға ондай да дезинформация барған" (...) "Тізерлетіп қойып кешірім сұратамыз" деген біреуі бар. Екіншісі "Сен біздің алдымызда жауап бересің" деді. Үшіншісі "Мен сені есік алдыңда тосып алып, анайы түрде айтты, айырып кетемін деді". Бұл бірінші рет болып жатқан жоқ менің басымда. Бұл бірінші рет емес. Әртүрлі адам хабарласты, өзімнің таныстарым да бар, араласып жүргендері бар", - деді айтыскер ақын. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан