Жезқазғанда танысын пышақтап өлтірді деген күдікті ұсталды

Жезқазғанда танысын өлтірді деген күдікті қолға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жезқазған полиция басқармасына үйлердің бірінің ауласында төбелес болып жатқаны туралы хабар жеткен. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы бірнеше пышақ жарақатын алған 35 жастағы ер адамды тапты. Жәбірленуші есін жимастан медициналық мекемеде қайтыс болды.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полицейлер күдікті 29 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Ұсталған азамат бұрын таныс болған жәбірленушімен кафеде сөзге келіп, жанжалдасқанын мойындады. Жанжал көшеде жалғасып, күдікті қарсыласына бірнеше рет пышақ салып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Қылмыс құралы тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз