"Енді қалай түсемін?" Астанада зейнеткер терезе тазалаушының арқанын кесіп тастаған

Фото: Видео кадры

Астанада 83 жастағы зейнеткер өнеркәсіптік альпинисті ұры деп ойлап, арқанын кесіп тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео әлеуметтік желіде тарады. Онда өнеркәсіптік альпинистің кесілген арқанды видеоға түсіргені, зейнеткерден неге мұндай әрекетке барғаны туралы сұрап жатқан видеосы тарады. Желіде бұл видео 3 миллионнан аса қаралым, 86 мың лайк пен 4 мыңнана аса пікір жинаған. 

"Апай, неге арқанымды кесіп тастадыңыз? Неге істедіңіз олай? Енді қалай түсемін мен?" - дейді ер адам видеода.

Астана Полиция департаменті өкілдері бұл деректі растады. Зейнеткер альпинисті ұрымен шатастырып алғаны мәлім болды. 

"Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг кезінде 5-қабаттан түсіп бара жатқан терезе тазалаушының арқаны кесілгені анықталды. Тексеріс барысында әже альпинисті ұры деп ойлап, арқанды кесіп тастаған. Альпинист арыз жазудан бас тартты", - делінген полицияның баспасөз қызметі өкілдерінің хабарламасында. 

@ahan98han #Астана ♬ оригинальный звук - Альпинист Ахан

Учаскелік инспекторлар 83 жастағы зейнеткерге түсіндірме жұмысын жүргізді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек