"Азық-түлік корпорациясы" АҚ басшылары ұсталды - Антикор

"Азық-түлік корпорациясы" АҚ басшылары ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, стратегиялық шикізат-астықты жымқыруға жол бермеу мақсатында "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ қызметінде жемқорлықты анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Жемқорлықта "Азық-түлік корпорациясы" өңірлік филиалдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының бірқатар басшысы әшкереленді.

Астық ұрлау деректерін жасыру үшін пара беру әрекеті кезінде астық базаларының бұрынғы директоры мен оның көмекшілері әшкереленді.

Сонымен қатар, жасалған қылмысты жасыру әрекеті кезінде астық базаларының бұрынғы директоры мен оның серіктестері пара беруге әрекет жасап жатқан жерінен әшкереленді.

Қазір күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, Астана қаржы департаментінің директоры мен "Азық-түлік корпорациясы" АҚ бас менеджеріне қатысты тергеу аяқталды.

Тергеу барысында олар бидай түрінде тауарлық несие бергені үшін коммерциялық ұйым басшысынан 800 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды. Айыпталушылар сотқа тартылды.

Арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінің нәтижелері бойынша "Азық-түлік корпорациясы" АҚ Қостанай облыстық өкілдігінің директоры әшкереленді.

Ол ЖШС өкілінен 100 мың тонна бидай көлемінде тауарлық несие алу мәселесін оң және кедергісіз шешкені үшін 350 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!