2 градусқа дейін аяз, қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 19-21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай соғып, екпінді жел, бұршақ аралас жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қар аралас жауын-шашын болады деп болжанады. 20-21 қыркүйекте батыс антициклон сілемінің арқасында Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысы жауын-шашынсыз, ауа райы ашық болады. Елдің батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

"Республиканың батыс облыстарында ауа температурасы түнде 5-18, күндіз 18-28-ден 20-31-ге дейін көтеріліп, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде 3-11-ге дейін төмендеп, топырақ бетінде 1 градус аяз, күндіз 13-25-ке дейін жылып, орталықта түнде 2-10-ға дейін төмендеп, күндіз негізгі фон 13-21-ге дейін жылы, шығыста түнде негізгі фон 3-11-ге дейін, күндіз 10-18-ге дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 8-13-ке дейін, таулы аудандарда 2 аяз-3-ке дейін, күндіз 15-25-ке дейін, таулы аудандарда 5-10-ға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қай жылы және қай күні Әбілқайыр хан Ресей империясының қол астына өту туралы ант қабылдады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз