Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев әйелімен бірге бейнебаянға түсті

Фото: Видео кадрлары

17 қыркүйекте Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жұбайымен бірге Семейдің туған күніне орай Отбасы туралы музыкалық бейнебаянға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Семейде қала күні салтанатты түрде атап өтілді. Демалыс күндері орталық алаңда мерекелік концерт өтіп, онда Диаз Мусалимовтың "Сем-Семей" әніне арналған клип ұсынылды.

Бейнебаян Youtube-те пайда болды. Онда Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жұбайымен бірге қала туралы әннің хорына қосылғанын көруге болады.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қанша жаста үйленген дұрыс?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә