Жолаушылары бар ұшақ Алматыға кері оралды

Жолаушылары бар Air Astana ұшағы Алматыға кері оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2023 жылдың 17 қыркүйегінде А320 ұшағымен Алматы – Ташкент бағыты бойынша КС 127 рейсін орындаған кезде қозғалтқыштың техникалық ақауына байланысты ұшақ ұшып шығу әуежайына оралды.

"Қону штаттық режимінде өтті. Жолаушылар тамақпен және сусындармен қамтамасыз етілді", - деп хабарлады Air Astana-ның баспасөз қызметі.

Рейс қазір резервтік ұшақпен ұшқалы жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!