Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған жасөспірім қыз мерт болды

Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған жасөспірім қыз мерт болды
Фото: Tengrinews.kz

Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған 14 жастағы қыз мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға туралы хабар 15 қыркүйек күні сағат 21:30-да түскен.

"Фельдшерлер дереу оқиға орнына кетті, олар үш минутта жетті", - деп хабарлады станция.

Горький көшесінде орналасқан он қабатты үйдің сегізінші қабатынан 2009 жылғы қыз бала құлап, алған жарақаттарынан мерт болғаны анықталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан