Алматыда әйел мен екі баласын өлтіріп, кейін үйін өртеп жіберген күдікті ұсталды

Алматыда әйел мен кәмелетке толмаған екі баласын өлтіріп, кейін үйін өртеп жіберген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, күдікті - 1982 жылғы Алматының тұрғыны.

"Аталған дерек аудандық полицияда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы ("Екі немесе одан да көп адамды өлтіру") және 99-бабы 3-бөлігі ("Жас баланы өлтіру") бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық қажетті сараптама тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

Ұсталған адам аудандық полиция уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, 14 қыркүйекте сағат 23:24 шамасында Алматы облысы Іле ауданының полиция бөліміне Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінен К есімді әйел мен оның екі кәмелетке толмаған баласының өлі табылғаны туралы хабар жеткен. Күдікті қылмысын жасыру үшін үйді өртеп жіберген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз