Дәрігер күзде асқынатын ауруларды атады

Дәрігер күзде асқынатын ауруларды атады
Фото: pixabay.com

Күз – тұмау маусымы. Оны көпшілік біледі. Бірақ бұл мерзімде басқа да аурулар асқынып кетеді. Олар жайлы Doctorpiter порталына гастроэнтеролог Екатерина Пустовит айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тұмау

Күзде ең жиі кездесетін ауру – тұмау. Халық арасында тұмау деп ЖРА (жедел репиратолық ауру) мен ЖРВИ-ді (жедел респираторлық вирустық инфекциялар) айтады. Әдетте, ол 5-7 күнде өздігінен кетеді. Бірақ ол үшін төсек және сұйықтық ішу режимін сақтау маңызды.

Бірақ созылмалы ЛОР-ауруларыңыз болса, бұл асқынуға әкеледі және жақсы емді қажет етеді. Бұл кезде асқынып кетуі мүмкін ауруларға мынадар жатады:

  • Созылмалы ринит;
  • Тонзиллит;
  • Гайморит;
  • Отит.

Бронхит созылып кетеді

Егер сіздің әлсіз тұсыңыз – тыныс алу жүйесі болса және кез келген ЖРВИ бронхитке айналып кететін болса, жөтеліп бастаған бойда пульмонолог маманына қаралып, емді бастап кеткен жөн. Себебі күзде бронхит ұзаққа созылып кетеді.

Ерінге ұшық шығады

Күзде иммунды жүйе әлсірейді. Сондықтан созылмалы вирустық инфекциялар, соның ішінде ұшық тобының вирустық инфекциялары асқынуы мүмкін. Оны еріндегі "тұмау" деп те атайды.

Асқазан аурулары мазалайды

Асқазан-ішек жолы ауруларының ішінде күзде гастрит пен жаралық аурулар жиі асқынады.

Жалқаусыз ба? Ағзаңызға қандай дәрумен жетіспейтінін біліңіз!

А. Жапатова