Екібастұзда моншадан шыққан өрттен 50 жастағы ер адам қаза тапты

Екібастұзда моншадан шыққан өрттен 50 жастағы ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды  Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Екібастұз төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы 15 қыркүйек күні сағат 22:43-те хабар жеткен.

"101 байланысына Екібастұз қаласы, 21 Южный к-сі, 4 үйде, монша жанып жатқаны туралы айтылды. Шақыру орнына Павлодар облысының ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ күштері мен құралдары жұмылдырылды, яғни тілсіз жаумен арпалысқа 16 қызметкер 6 техникамен аттанды. Барғаннан кейін алаңы 40 шаршы метр кірпішпен қапталған шаруашылық құрылысының жанып жатқаны анықталды. Барлау барысында шаруашылық құрылысында тұратын 1974 жылы туылған азаматтың денесі табылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар оқиға орнына 103, 102 қызметтері де жіберілген. Өртті сағат 22:55-те ауыздықтап, 23:20-да сөндірген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!