Тоқаев шаруа қожалықтарына қаржылай көмек беруді тапсырды

Тоқаев  шаруа қожалықтарына қаржылай көмек беруді тапсырды
Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа райының қолайсыздығы мен жайсыз жағдайларға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан